$ 444.14  477.05  4.85

«Димаштың егізі»: Құрылыста жүріп ән салған жігіт көпшілікті таңғалдырды (ВИДЕО)

«Талант бар, таныс жоқ болып тұр ғой».
Скриншот: instagram.com/zhuldyzdy_news
Скриншот: instagram.com/zhuldyzdy_news

Әлеуметтік желіде құрылыс жұмыстарын істеп жүріп, ән салған жігіттің видеосы тарады. Көпшілік жас жігіттің дауысын танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге ұқсатты, деп жазады KAZ.NUR.KZ

Белгісіз жігіттің видеосы zhuldyzdy_news Instagram парақшасында жарияланды. Видеода «Қазақтың таланттары құрылыста жүр. Димаштың егізі», - деп жазылған. 

Видеода жас жігіт Димаш Құдайбергеннің «Махаббат бер маған тағдыр» атты әнін жанды дауыста орындады. Ал көпшілік оның дауысын Димаш Құдайбергенге ұқсатты. 

«Димаштың дауысынан айнымайды», «Дауысы Димашқа айнымайды», «Талантты жастарды қолдау керек», «Талант бар, таныс жоқ болып тұр ғой», «Не деген керемет дауыс», «Ауызы қисық болса да, бай баласы сөйлесін дейтін заман ғой», «Осы жігітті неге әлі ешкім таппады», «Жұлдызы жансын», «Танымал болып кетсін», «Бұл жігіттің орны сахнада», - деп жазды желідегілер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары