$ 449.58  486.94  4.86

Оралда жоғалып кеткен 4 жасар қызды Ұлттық ұланның сарбаздары тауып берді

Орал қаласында ҚР Ұлттық ұланына қарасты 5517-әскери бөлімнің жауынгерлері жоғалған төрт жасар қызды тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 2 ақпан күні сағат 18.30 шамасында патрульдік топ бастығы, лейтенант И.Нұрсейітовтің рациясына нан зауыты ауданында өз үйінің ауласында ойнап жүрген төрт жасар қыздың жоғалып кеткені жөнінде хабар түскен. Сол бойда жақын маңдағы әскери топтар бүлдіршінді іздеуге кіріскен. Сол күні 18 сағат 40 минут шамасында И.Нұрсейітов және қатардағы жауынгерлер А.Шәріпов пен Т.Увалиев М.Мәметова ескерткіші жанында жылап тұрған қызды байқаған. Ол сол жоғалған қыз болып шықты. Әскери қызметкерлер оны жақын маңдағы полиция тірек пунктіне апарып, ата-анасымен қауыштырды.

Қыздың анасы Ұлттық ұлан жауынгерлеріне шынайы алғысын білдірді. Қоғамдық тәртіпті сақтау барысында қырағылық көрсеткені үшін аталған әскери қызметкерлер ынталандыруға ұсынылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары