$ 494.87  520.65  4.91

Астананың шекарасы ұлттық пантеонға байланысты өзгертілген

Астананың Жер қатынастары басқармасының басшысы қаланың шекарасын өзгерту туралы шешімге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Басқарма басшысы қосылған аумақтың қандайда бір елді мекендерге байланысты еместігін айтады.

"Аталған жерлерді қосу Халықаралық әуежай аумағын кеңейтуге байланысты. Бірінші кезекте оның күзетілетін аумағы мен ұшу-қону алаңын ұлғайтуға. ТЖ бойынша қауіптер де бар. Осы аумақтарда көкетм мен күз айлары су көтерілу қаупі бар. Соныдқтан жедел шаралар қолдану керек", - деп түсіндірді басқарма басшысы Назымбек Кенжебаев.

Қосылған аумақтың жалпы көлемі Майбұлақ көлі маңындағы 7 300 гектар жер. Ол әуежай қажеттілігіне қолданылады.

"Сонымен бірге, Ұлтық пантеонға 959 гектар, қалалық жаңа зират құрылысына 460 гектар (96 разъез бен Астана-Көкшетау" тасжолының аралығы). Қала тұрғындары қазіргі зиратта орын жоғын, ол консервацияланатынан хабардар", - дейді Кенжебаев.

Сонымен қатар, басқарма басшысы Астанадағы кейбір елді мекендер біріктірілетіні жайлы тараған ақпаратқа қатысты да түсіндірме берді.

"Жарлыққа қол қойлығаннан кейін Астанаға Қабанбай батыр, Талапкер аудандық округінің аумақтары қосылады деген ақпарат пайда болды. Бұл дұрыс ақпар емес. Қосылған аумақтардың еркін екенін, елді мекендердің Астанаға қосылмайтынын ресми түрде айтқым келеді", - деп атап өтті ол. 

7 ақпанада Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласы шегарасын өзгерту туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары