$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде отандық өнімдердің бағасы шетелден келетін тауардан әлдеқайда қымбат

Қазақстанда отандық өнімдердің бағасы импорттық тауарға қарағанда әлдеқайда жоғары. Және бір қызығы, қазақстанда шығарылған тауарлар құны шетелден келетін өнімдерге қарағанда әлдеқайда тез өседі екен. Бұған өзімізде шығатын азық-түліктер де, химиялық-тұрмыстық және кеңсе тауарлары да кіреді деп мәлімдеді арнайы зерттеу жүргізген 31-арна тілшілері.

Мұның себебі немен байланысты? Петропавлда күнделікті тұтынатын сүт бағасының шарықтағанын тұтынушылар бірден байқаған. Өткен жылдың желтоқсан айында бір литр сүтті 150-170 теңгеге алып келген жұрт, қаңтар айынан бастап 200 теңгеге сатып ала бастағандарын айтады. Есесіне, қант, сұйық май құны сәл де болса төмендепті. Бірақ бұған қуануға ертерек екен. өйткені аталмыш өнімдерге қыс мезгілінде сұраныстың аз болуы бағаға да жақсы әсер етеді екен.

Ал Петропавлда ресми мәлімет бойынша, өзімізде өндірілетін сүт, ет, картоп, қырыққабат, пияз, сәбіз және тағы басқа өнімдер біршама қымбаттапты. Орташа есеппен, азық - түлік бағасы 10 пайызға қымбаттаған. Азық-түлік өнімдеріне жатпайтын тауарлар да 10 пайызға өскен. Және барлық коммуналдық қызмет бағасының өсімі орташа есеппен алғанда 6 пайызды құраған.

Жамбылда да отандық өнімдер бағасының шарықтауы байқалған. Аймақта тек өсімдік майы өткен жылмен салыстырғанда 50-60 теңгеге қымбаттаған. Есесіне, басым дені Украинадан тасымалданатын құс еті 100 теңгеге қымбаттап, 900 теңгеден сатылуда.

САМАТ ҮРПЕКОВ, Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары:
- Отандық өндірушінің сырттан сатып алатын өнімдері бар. Мысалы, бБіздің сұйық майға қосылатын ішіндегі дәмдеуішті шет елден алып келеді. Оны доллармен алуына байланысты сәл ғана көтерілген баға бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары