$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан халықтың бостандығы жағынан Моңғолия мен Қырғызстаннан артта қалып қойды

Freedom House порталының сарапшылары әлем елдеріндегі бостандық деңгейін өлшеумен бірнеше жылдан бері айналысып келеді. 2016 жылды қорытындылаған мамандар Қазақстандағы халықтың бостандығы әлі күнге дейін төмен деңгейде деп бағалап отыр.

Сарапшылардың пікірінше, бостандық деңгейінің төмендеуі бүкіл әлемде соңғы 10 жылдан бері байқалып келеді екен. Әсіресе 67 мемлекетте азаматтардың құқықтары айтарлықтай шектелген.

100 балдық шкаламен есептелетін бостандық деңгейі бойынша Freedom House сарапшылары Қазақстандағы еркіндікті небәрі 22 ұпаймен бағалап отыр. 2015 жылы бұл көрсеткіш 24 ұпайға тең болатын. Дегенмен, рейтингте біздің ел Ресейдің (20 балл) алдында тұр. Өзге көрші мемлекеттердегі жағдай мынадай: Өзбекстан - 3 балл, Қырғызстан - 37 балл, Қытай - 15 балл. Ал, экономикалық әлеуеті Қазақстаннан төмен деп саналатын Моңғолия тұрғындары ең еркін халықтардың біріне баланып отыр, сарапшылар елдегі бостандық деңгейін 85 ұпаймен бағалаған.

Бұл тізімдегі ең төменгі сатыларда Сирия, Эритрея, Солтүстік Корея, Өзбекстан, Оңтүстік Судан, Түркіменстан, Сомали, Судан, Экваторлық Гвинея, Орталық АФрика Республикасы және Сауд Арабияся сынды елдер орналасқан.

Портал сарапшыларының айтуынша, рейтингті түзуге қазіргі әлемдегі түрлі оқиғалар негіз болған. Атап айтқанда, Ресейде қабылданып жатқан жаңа заңдар, Дональд Трамптың АҚШ президенті болып сайлануы, Еуропадағы ұлттық партиялар беделінің артуы, террористік актілер және өзге де оқиғалар.

Ал, ең еркін мемлекеттер көшін Канада, Жаңа Зеландия, Австралия, Норвегия және Швеция бастап тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары