$ 444.22  476.38  4.82

Қостанайда «Көк кит» ойнаған екі оқушы өздеріне қол салмақ болған

Қостанайда әлеуметтік желі арқылы «Көк кит» ойынын ойнаған екі жасөспірім суицид жасамақ болған. Бұл ақпаратты Қостанай облыстық прокуратурасының басқарма басшысы Қайрат Жүсіпов растады деп жазады «Алау» порталы.

«Қазіргі таңда Instagram және ВКонтакте әлеуметтік желілерінде аталған ойын кеңінен тарап барады. Оның мақсаты - баланың денсаулығына айтарлықтай зиян келтіру немесе өлтіру. Осы ойынның әсерімен Қостанай қаласының екі оқушы қызы өздеріне қол жұмсамақ болған. Екеуі де 2003 жылы туған жасөспірімдер. Қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болды», - деді Жүсіпов.

Осы жайтқа байланысты 6 ақпан күні Қостанай қалалық ІІБ мамандары ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 3-тармағы бойынша іс қозғады.

«Балалар "Көк кит", "Қаш немесе өл", "Оят мені" деген секілді ойындарды ойнайды. Біз ата-аналарды барынша сақ болуға, балаларын қадағалауға шақырамыз», - деп атап өтті прокурор.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары