$ 442.05  474.14  4.74

Павлодарлық әйел қызыма тиісті деп туысын айыптап жатыр

Әпкесінің күйеуі түнде мас күйде оған жақындап, жағымсыз сөздер айтып, аяғынан сипаған.
Фото: pavlodarnews.kz
Фото: pavlodarnews.kz

Павлодарлық әйел туысын қызына тиіскен деп айыптады, полиция қылмыстық тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы pavlodarnews.kz жазды.

«НеМолчиKZ» қоғамдық қоры әлеуметтік желісінде Павлодарда жас қызға туысы тиіскен деген хабарламаны жариялаған.

Шілденің басында павлодарлық әйел тоғыз жасар қызын туысының үйіне қонаққа қалдырған. Оған қоса, қызбен бірге үйде екі сіңлісі болған.

Қыз баланың сөзінше, әпкесінің күйеуі түнде мас күйде оған жақындап, жағымсыз сөздер айтып, аяғынан сипап, тиіскен. Анасы бұл жағдайды білгеннен кейін полицияға жүгінген. 

Аталған факт 6 шілде күні тіркелген. ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі (Жас балаларды азғындық жолға түсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.

Қазіргі уақытта бірқатар қажетті сараптама мен тергеу іс-шаралары тағайындалды.

Олардың нәтижелері бойынша күдікті адамға қатысты бұлтартпау шарасы туралы мәселе шешіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары