$ 498.34  519.72  4.85

Өскеменде отбасылық ұрыстың соңы жарылыспен аяқталды

Өскемен тұрғыны әйелімен жанжалдасып, өз үйін өртеп жіберген. Ол газ балонынан біраз газ шығарып, үйін өртеген деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алкогольдік ішімдікке қатты мас болған ер адам әйелімен ұрысып қалған. Олар өздерінің жеке үйінде жанжалдасқан. Бір кезде ашуға булыққан ер адам газ балонына жүгірген.

"Ол газ балонының жалғама құбырын кесіп тастаған. Жарылыс болып, артынша өрт шыққан. Өртті дереу сөндіріп үлгерген. Өрт салдарынан 1985 жылғы әйел мен 1982 жылғы ер адам күйіп қалған. Зардап шеккендердің өміріне еш қауіп жоқ", - деп түсіндірді Өскемен төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мамандары.

Осы дерек бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлері шара жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары