$ 443.35  475.54  4.82

Есеп комитетінің төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин дүниеден өтті

Ақпанның 11-нен 12-іне қараған түні 57 жасқа қараған шағында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің басшысы Қозыкөрпеш Жаңбыршин өмірден озды. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.

"Бүгін 57 жасқа қараған шағында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің басшысы Қозыкөрпеш Жаңбыршин өмірден озды", - делінген аталған хабарламада. Жаңбыршиннің жүрек ауруынан көз жұмғаны белгілі болып отыр.

Қозыкөрпеш Жаңбыршин 1960 жылы 2 шілдеде Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылында дүниеге келген.

1997-2003 жылдар аралығында ол Алматы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2003-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған.

2007 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары, 2009 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Мемлекет басшысының 2014 жылғы 15 қаңтардағы Жарлығымен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы болып тағайындалған.

«Құрмет» орденімен (2005), III дәрежелі «Барыс» орденімен (2012), 10 мерейтойлық және ведомстволық медальмен, соның ішінде Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының медальдарымен марапатталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары