$ 443.37  474.49  4.83

Ет, бауырсақ – Геннадий Головкин Қазақстанға оралып, алғашқы суретін жүктеді

"Дастархан басында", - деп жазған ол.
Фото: instagram.com/gggboxing/
Фото: instagram.com/gggboxing/

Бокстан орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстанға оралғаннан кейінгі алғашқы суретін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол үстелде қазақтың ұлттық тағамдары тұрған суретті жариялап, Instagram-дағы геолокациясын "Қазақстан" деп көрсеткен.

Дастархан басында, - деп жазған ол.

Осыдан екі күн бұрын боксшы Сұлтан Зәуірбек Геннадий Головкинмен түскен суретін жариялап, "Гена ағамызбен елге қайттық" деп жазған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары