$ 494.87  520.65  4.91

Жетісу облысында 3 әкімге 1 млн теңгеден айыппұл салынды

Бір аудан әкімінің орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Фото: Хабар24
Фото: Хабар24

Жетісу облысында Табиғат қорғау заңнамасы саласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының жұмыс істеуі бойынша жүргізілген талдау қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық прокуратура мәліметінше, кейбір аудандарда қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары құқық белгілейтін құжаттарсыз жұмыс істейтіні анықталған.

Мысалы, Алакөл ауданында 23 ауылдық округте (56 елді мекен) 33 ҚТҚ полигоны бар, алайда оның ішінде тек Достық округындағы «Шыңдәлі» полигонында құқық белгілейтін құжат бар. Осыған ұқсас фактілер Сарқан (9 факт), Көксу (7 факт) және Ескелді (1 факт) аудандарында анықталды, – делінген хабарламада.

Бүгінде осы барлық бұзушылық бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізілді.

Қазіргі уақытта актілерді қарау нәтижелері бойынша үш ауыл әкіміне 300 АЕК-тен астам сомаға айыппұл тағайындалды және бір аудан әкімінің орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары