$ 494.87  520.65  4.91

Шерхан Мұртазаның жалғыз ұлы өмірден өтті

Бұл қаралы хабар туралы журналист Бану Даулетбаева Facebook парақшасында жазды.
Фото: anatili.kazgazeta.kz
Фото: anatili.kazgazeta.kz

Жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның жалғыз ұлы Батылжан Шерханұлы қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл қаралы хабар туралы журналист Бану Даулетбаева Facebook парақшасында жазды.

Шерхан Мұртазаның ұлы қайтыс болды деген хабар жетті. Жалғыз ұлы еді. Тұлпардың соңғы тұяғы..., – деп жазды ол.

Қазақстан жазушылар одағы бұл ақпаратты растап отыр.

Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның жалғыз тұяғы Бақытжан Шерханұлы дүниеден озғаны жөнінде қаралы хабарды жеткіземіз.Жаназасы Самал-1 шағын ауданы, №16 үй, 7-пәтер 2023 жылғы 28 шілде күні сағат 10:00-де шығарылады, - деп хабарлады олар.

Жерлеу рәсімі Алматыдағы «Кеңсай-2» зиратында өтеді.

Айта кетейік, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның бір ұл, бір қызы бар. Ұлы - Батылжан Шерханұлы, қызы - Алма Шерханқызы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары