31.07.2023, 10:40

Тойға арнайы жасақ келген: Желіде Ақтау мейрамханасындағы жанжалдың видеосы тарады

Тәртіп бұзушыларды ұстау кезінде жанжал басталды.

Ақтауда мейрамхана маңындағы жанжал видеоға түсіп қалған. Видео әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды lada.kz.

Желі қолданушылары сөзінше, 30 шілдеге қараған түні автодром маңында, мейрамханалардың бірінің сыртында мекемеге келушілер мен полиция арасында жанжал шыққан. Тіпті оқиға барысында арнайы жасақ жауынгерлері де көмекке келген.

Ал өңірдің Полиция департаменті мәліметінше, кезекші пультіне Мұнайлы ауданындағы мейрамханалардың бірінде қыз көмек сұрап жатқаны туралы қоңырау түскен.

Осы дерек бойынша 22 жастағы жігітке ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша хаттама толтырылды, - деді ведомство өкілі.

Айта кетейік, видеода бейәдеп сөздер бар.