Қазақстан халқы Астанада Есеп комитетінің қайтыс болған төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршинді ақтық сапарға шығарып салуда.
Қоштасу шарасы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында өтуде. Саяси тұлғамен қоштасуға мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, министрлер келген. Қоштасу рәсімінен кейін Жаңбыршиннің денесі Ұлттық пантеонда жер қойнына беріледі.
Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау бойынша Есеп комитетінің төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин ақпанның 11-нен 12-не қараған түні қайтыс болған еді. Оның өлімі жүрек ауруынан келген.
Қозыкөрпеш Жаңбыршин 1960 жылы 2 шілдеде Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылында дүниеге келген.
Мемлекет басшысының 2014 жылғы 15 қаңтардағы Жарлығымен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы болып тағайындалған.