$ 498.34  519.72  4.85

Қызылордада 9 жасар бала байқаусызда атылып өлді

Ауыр жарақаттан мектеп оқушысы тіл тартпай кеткен. Қайғылы оқиға 8-ші ақпан күні болыпты. Ойын баласы әкесінің қызметтік қаруынан ажал құшқан деген мәлімет бар деп хабарлады КТК телеарнасы.

Көз жұмған жеткіншектің әкесі әскери қызметкер екен. Сондықтан, қазір осы іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, Шымкент қаласының әскери горнизоны тергеу амалдарын жүргізуде.

"Әскери бөлім қызметкерінің ұлы атылып қайтыс болған. Қазір бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - дейді әскери бөлім командирі Айдар Қаженов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары