«Казкоммерцбанк» АҚ корпоративті мақсаттар үшін Ұлттық банктен 200 милиард теңге көлемінде қарыз алғанын хабарлады. Бұл туралы банктің ресми сайтында жазылған.
«Казкоммерцбанк» АҚ осымен 2017 жылғы 9 ақпанда ҚР Ұлттық Банкінен жалпы корпоративтік мақсатқа 200 млрд теңге көлемінде займды тартқаны жөнінде хабарлайды. Аталған займ ҚР ҰБ-мен жаңғыртылатын кредиттік желі аясында ұсынылған», – делінген аталған хабарламада.
Айта кету керек, 2016 жылдың соңында Казком Ұлттық банктен 400 миллиард теңге қысқамерзімді қарыз алған болатын. Мұнан кейін Батыс басылымдары Ұлттық банктің Казкомды құтқару операциясын жүргізіп жатқанын хабарлаған. Ал, оны "құтқару" үшін 1,5 трлн теңге қажет көрінеді.