16.09.2026, 01:30

«Жалғыз ұлын бөлек жіберіп…»: Сәкен Майғазиевтің ұлы мен келіні Астанаға көшіп кетті (ВИДЕО)

Фото: Бейнежазбадан

Майғазиевтер әулетінің келіні Адия әлеуметтік желідегі парақшасында Астанаға қоныс аударып, жаңа үйге бөлек шыққандарын хабарлады. Ол жаңа шаңырағын ретке келтіріп, үйге қажетті заттарды алып, ыдыс-аяқ таңдаған сәттерін оқырмандарына көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жаңа баспанасын жайғастырып, өз алдына жеке отау болғанына қуанған Адия үй ішіндегі өзгерістерді видео арқылы бөліскен. Жазбада оның жаңа үйге қажетті бұйымдарды таңдап, шаңырақты біртіндеп жайғастырып жатқаны көрінеді.

Келіннің бұл жаңалығы көпшіліктің назарын аударып, желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Әсіресе жас отбасының ата-анадан бөлек тұруы мәселесі қызу талқыға түсті.

Желі қолданушыларының бір бөлігі жастардың жеке шаңырақ болып, өз алдына тұрғанын дұрыс деп бағалады. Олардың пікірінше, бөлек тұру жас отбасының өзара түсіністігін арттырып, тұрмыстық жауапкершілікті бірге қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ал енді бір топ оқырман Сәкен Майғазиевтің жалғыз ұлын бөлек шығарғанына таңданысын білдірді. Кейбірі бұл жағдайға қатысты енесі жайлы да түрлі пікір қалдырған.

Осылайша, Адияның жаңа үйін таныстырған жазбасы қарапайым тұрмыстық жаңалықтан бөлек, қазақ отбасындағы келін мен ене қарым-қатынасы, жастардың ата-анамен бірге немесе бөлек тұруы мәселесін қайта көтерді.