Алматыдағы жол-көлік оқиғаларының үрдісі кейбір жол қозғалысына қатысушылардың көлік тәртібінің нашарлығын көрсетеді, деп хаюарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу бүгінгі таңда өзекті болып қала береді.
Осы күндері қалада жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту ережелерін бұзуды, жаяу жүргіншілер жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ апаттық жағдайға әсер ететін басқа да өрескел бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Жаяу жүргінші» жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілуде.
Қойылған міндеттерді жүзеге асыру саптүзеуге тартылған күштер мен құралдарды біртұтас бөлуден басталды.
Жаяу жүргіншілер жол ережесін жиі бұзатын осал аймақтардың тізімі арнайы талдаулар, азаматтардың жауаптары мен сигналдары ескеріле отырып, алдын ала қалыптастырылды. Біздің басты міндетіміз - жазалау емес, қайғының, бақытсыздықтың алдын алу, сол арқылы әрбір адамның санасына жету. Бүгінгі таңда көшелер бойынша қауіпсіз қозғалысқа, жолдың жүру бөлігін кесіп өтуге, жаяу жүргіншілер, жер үсті және жерасты өткелдері орнатылғанына қарамастан, жаяу жүргіншілер қарапайым жол қозғалысы ережелерін бұзуды жалғастыруда, осылайша өздерінің және басқа адамдардың өміріне қауіп төндіреді, - деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ержан Ұзабаев.
Сонымен қатар жүргізушілерге де бақылау күшейтілді.
Іс-шара барысында инспекторлар көлік құралын мас күйінде жүргізу, қарама-қарсы жолаққа шығып кету, апаттық жағдай туғызу, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адамдарды, сондай-ақ мұндай құқықтан айырылған адамдарды анықтауға баса назар аударды.
Алматыда жыл басынан бері жаяу жүргіншілермен соқтығысқан 485 оқиға тіркелді.
Жол ережесін бұзғаны үшін 8,5 мыңнан астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.