$ 494.87  520.65  4.91

Қырғыз азаматтары енді Қазақстанда 90 күн бола алады

Олар бұған дейін елімізде 30 күн ғана бола алатын еді.
Фото: azh.kz
Фото: azh.kz

Қазақстан Республикасындағы Қырғыз Республикасы азаматтарының кіру және болу тәртібіне өзгерту енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуі және болуы, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуі қағидаларының 6-тармағының 16-абзацын қолданбай, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап Қырғыз Республикасының азаматтары үшін Қазақстан Республикасында болуға рұқсат етілген күнтізбелік тоқсан күн мерзім белгіленсін, - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет басшысы қаулысының жобасында.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолданылады.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғыз азаматтары елімізде 30 күн ғана бола алатын еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары