$ 441.58  480  4.86

«Ешқандай ерлік жасамап едім»: ІІМ Тоқаевтың мобилографын медальмен марапаттаған

Ешқандай суға батқан адамды құтқармап едім, қыздың сөмкесін ұрлаған ұрыны ұстамап едім дейді ол.
Фото: instagram.com/kyran_talapbek
Фото: instagram.com/kyran_talapbek

Ішкі істер министрлігі Ақорданың мобилографы Қыран Талапбекке медаль тапсырған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгін таңның атысымен мені полицияға шақырды. «Не жағдай?» деп түсінбей барсам, одан да бетер таңғалдым. Маған Ішкі істер министрлігінен медаль берді. Ешқандай суға батқан адамды құтқармап едім, қыздың сөмкесін ұрлаған ұрыны ұстамап едім. Сөйтсем, бәрінің сыры мынада екен. Қысқасы, Қайсар есімді жігіт 2020 жылдан бері мобилография курсын өткен. Менің оқушым. Қайсар қазір өзінің мобилограф шеберлігінің арқасында Ішкі істер министрлігіне үлкен үлес қосып, керемет контент жасап жүр. Шәкіртім полиция мобилографы. Осыдан екі-үш жыл бұрын «Барлық жерде бір-бір мобилограф болады» деп айтып едім. Ал маған бұл медальді Қайсардай мықты әрі нәтижелі шәкірт тәрбиелеп шыққаным үшін берілді. Құрметі үшін рахмет! Түрім медаль тағатын адамға ұқсамаса да, медальмен түрім осындай, – дейді Қыран Талапбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары