$ 494.87  520.65  4.91

Биыл 1 шілдеден бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы арыз түспесе де іс қозғалады

Полицейдің айтуына қарағанда, соңғы шешімді сот шығарады.
Фото: BAQ.KZ
Фото: BAQ.KZ

Алматы қалалық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары Диас Дуанбеков Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында 1 шілдеден бастап полиция тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін жәбірленушінің шағымынсыз тіркей беретінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Брифинг барысында ол бұдан былай әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жәбірленушілердің өтінішінсіз қозғаланын, ал тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша хаттама куәгерлердің, көршілердің берген айғақтарына және бейнебақылау камераларының жазбаларына сәйкес жасалатынын айтты. Полиция өкілінің айтуынша, қайта татуласу мүмкіндігі болмайды.

Егер біз бұрын өтініш қабылданғаннан кейін зорлық-зомбылық құрбанынан өтініш жазуды сұрап, содан кейін барып жауапкершілікке тартқан болсақ, түзетулерден кейін сотқа дейінгі тергеу іс жүзінде басталады. Мысалы, әйел адам ауруханаға түсті делік, оған полиция жасағы барады, жәбірленуші өзіне зәбір көрсеткен адамға арыз жазғысы келе ме, жоқ па, оған қарамай, тиісті шешім қабылданады. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауда отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласында жасалған құқық бұзушылықтар үшін 5-тен 20 тәулікке дейін қамауға алу жауапкершілігі қарастырылған. Сонымен қатар қылмыстық жауапкершілік те күшейді, - деді Диас Дуанбеков.

Полицейдің айтуына қарағанда, соңғы шешімді сот шығарады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары