$ 444.22  476.38  4.82

Еліміздегі өсімдік майын шығаратын зауыттар жабылуы мүмкін

Еліміздегі өсімдік майын өндіретін зауыттарда шикізат жетіспеушілігі айтарлықтай білінуде. ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғановтың сөзінше, майлы дақылдар алқабын екі есеге көбейткен күннің өзінде проблеманы толық шешу мүмкін емес.

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде өткен жиында Қазақстанның сауда қауіпсіздігі туралы баяндаған Қ.Айтуғанов сенатор Дариға Назарбаеваға шаруалардың мұңын жеткізді. Ол өз сөзінде Қазақстанның нарығы ауылшаруашылық саласының қай секторына лайықталғанын айтып, майлы дақылдар өсірудің қазіргі жайына тоқталды.

"Майлы дақылдарға сұраныс өте жоғары. Қазір ауылшаруашылық өндірушілерінің өздері біздің егістік алқабын 3 миллион гектар етіп белгілеуімізді азсынып отыр. Олар бұл көрсеткішті екі есеге арттыру керек дейді. Бірақ, мұндай алқап бізде жоқ, өйткені өзге дақыл түрлеріне де жер бөлуіміз қажет. Өкінішке қарай, кәсіпкерлер нарықты зерттеп алмай жатып май өңдеу зауыттарын салып тастаған. Енді біз егістік алқабын екі есеге дейін ұлғайтсақ та оларды шикізатпен толық қамти алмаймыз", - дейді Айтуғанов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары