$ 498.34  519.72  4.85

2021 жылға дейін Астанада 40 мың пәтер пайдалануға беріледі

Бұл туралы бүгін 2016 жылды қорытындылап халық алдында есеп берген Астана әкімі Әсет Исекешев мәлімдеді. Оның айтуынша, алдағы 5 жылда елорда тұрғындарының баспана мәселесі біршама шешілуі тиіс.

"2017-2021 жылдар аралығында Астанада 40 мыңнан астам пәтер салынып, пайдалануға беріледі. Оның 8 мыңы жергілікті бюджет есебінен, яғни Құрылыс басқармасымен салынса, 2300-і жалдамалы пәтерлер болады, тағы 6 мың пәтер несиелік жолмен салынады. Ал, қалғаны жыл сайын 7-8 мың пәтерден келесі жылдан бастап беріле бастайды. Осылайша, 8 мың пәтер мемлекет ақшасына, қалғаны жекеменшік компаниялардың есебінен салынады. Бірақ, біз оларға көмектесетін боламыз", - деді әкім.

Исекешевтің айтуынша, салынатын пәтерлердің бір шаршы метрі 230 мың теңгеден басталады.

"Ипотекалық несиелеу және Тұрғынүй құрылыс жинақ банкінің тетіктері арқылы пәтерлердің бір шаршы метрінің бағасы 230-300 мың теңге аралығында болады. Ең алдымен баспананы кезекте тұрған азаматтар алады", - деп сөзін түйді Ә.Исекешев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары