27.08.2023, 10:30

Алматыда тұрғындар монша құрылысына жаппай қарсылық білдіріп жатыр

Фото: inalmaty.kz
Неге құрылыс салушының мүддесі тұрғындардың мүддесінен жоғары?

Алматыда тұрғындар Егізбаев көшесінде монша кешенінің салынуына үзілді-кесілді қарсылық білдіріп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Inalmaty.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жағдайға тек автокөлік иелері ғана емес, қарапайым азаматтар да наразы. Тұрғындар моншаның салынбауына түрлі себеп айтады.

Барлық үйде ыстық су мен ванна бар ауданда монша не үшін керек? Барлық монша кешендері жақсы деп айта алмаймыз, адамдар оларды азғындық және жеңіл жүрісті қыздармен байланыстырады.Бұл жерде ондай ештеңе болмаса да, біз бәрібір қарсы боламыз. Адамдар көліктерін қайда қояды? Неліктен біз соңғы автотұрақтан айырылуымыз керек? Автокөліктерге толы аулаларға жедел жәрдем, өрт сөндіру бөлімі немесе полиция қалай кіреді? Неге құрылыс салушының мүддесі тұрғындардың мүддесінен жоғары? Біз бәріміз моншаға қарсымыз! - дейді жергілікті тұрғындар.

Алматылықтар сондай-ақ Бостандық әкімдігіне арызданғандарын, жиында құрылысқа келіспейтіндерін айтып, монша кешенін салуға қарсы уәждерін жеткізгенін айтады, алайда ештеңеге қол жеткізбеген. Бұдан соң журналистерден көмек сұраған. Халық мәселе БАҚ-та жариялаған соң, монша құрылысы тоқтатылады деп үміттенеді.

Осылайша, тұрғындар монша кешенінің салынуына жол бермеуге бекініп отыр. Жақын арада олар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдамақ.