Астана қаласы Есіл ауданының соты «Астанаэнергосбыт» ЖШС арызымен жергілікті тұрғынға қатысты тұтынылған энергия қарызын өндіріп алу туралы азаматтық істі қарады.
Соттың анықтауынша, жауапкер берілген энергия ақысын өз уақытында және толық көлемде төлемеген, салдарынан 1 633 622 теңге қарыз пайда болған, деп хабарлады Астана қалалық соты. «Электр энегетикасы туралы» ҚР Заңының 19-бабы, 4-бөліміне сәйкес, электр және жылу энергиясын тұтынушылар бекітілген шарттарға сәйкес, берілген және тұтынылған электр және жылу қуаты үшін ақы төлеуі тиіс.
Сот шешімімен жауапкерден «Астанаэнергосбыт» ЖШС пайдасына қарыз сомасы өндірілді. Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Дереккөз: Қазақпарат