$ 446.49  475.38  4.79

Баян Есентаеваның қызы түрмедегі әкесін "мерекемен" құттықтап, сағынышын жеткізді

Танымал продюсер Баян Есентаеваның қызы Айсауле Бақытбек түрмеде жазасын өтеп жатқан әкесін бұрынғы "отан қорғаушылар күні" мерекесімен құттықтап, оған деген ерекше сағынышын жеткізді.

Айта кетейік, Баян Есентаеваны бірнеше рет пышақтап, өлтіруге оқталған Бақытбек Есентаев 9 жылға сотталған болатын.

"Мен сені жақсы көремін, әке! Қатты сағындым! Сен менің өмірдегі басты қорғаушымсың. Мерекеңмен құттықтаймын", - деп жазды Айсауле Есентаева өзінің Instagram-парақшасында.

Ол сондай-ақ, әкесінің мұндай өмірге лайықты еместігін де айтып отыр.

"Біз бәріміз өмірде қателесеміз, кейде кешірілмейтін қателіктер жасаймыз. Бірақ, бастысы мұны уақытында түсініп, тәубаға келу. Біз бәрін жеңеміз, сен мұндай өмірге лайықты емессің, әділеттік орнауы тиіс. Судьялар ұзақ мерзімге үкім кесіп, халыққа бірнәрсені дәлелдегісі келеді. Бірақ, жұртқа бәрібір, халық мұны ертең-ақ ұмытып кетеді. Ал, біз жоқ, ұмытпаймыз, бізге бұл ауыр тиюде. Мен сен үшін соңына дейін күресетін боламын, сенің үйге балаларыңның жанына оралуың үшін қолымнан келгенін істеймін, бәрі жақсы болады", - деп жазды Бақытбек пен Баянның қызы.

Ал, бұл сәтте Баян Мақсатқызы өзінің жаңа махаббатымен Мальдив аралдарында демалып жүр және суреттеріне қарағанда Бақытбексіз ол өте бақытты өмір сүруде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары