$ 498.34  519.72  4.85

БҚО-да аудан әкімдігі 24,5 млн теңгеге Toyota Land Cruiser 200 көлігін сатып алмақ

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының әкімдік аппараты 24 миллион теңгеден астам қаражатқа жол талғамайтын Toyota Land Cruiser 200 көлігін сатып алмақшы деп жазады "Уральская неделя" порталы. Мұндай хабарландыруды құзырлы мекеме tenderplus.kz порталына ілген екен.

"Портал тілшілерінің хабарлауынша, аса қымбат көлік Зеленов ауданының әкімі Кәрім Жақыповты тасымалдайтын болады. Алайда, tenderplus.kz сайтында нақты ақпарат жоқ. Ол жерде көліктің бағасы көрсетілгенімен маркасы жазылмаған.

"Зеленов ауданы әкімінің нақты қандай көлік сатып алғысы келгенін техникалық ерекшеліктерінен анықтау қиын емес. Хабарламаны берушілер техникалық сипаттамаға Toyota Land Cruiser 200 көлігінің параметрлерін толықтай көшіріп алған. Оның үстіне, байқауға қатысуға шақырылған компаниялар қатарында БҚО-да жапон автоөндірушілерінің өнімдерін сатумен айналысатын "Hazar Motors" компаниясы да бар", - делінген ақпараттық портал жариялаған мақалада.

Зеленов ауданының әкімдігіндегілер болса бұл жайтқа қатысты тіс жармай отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары