$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда 8 жасар қызды қағып өлтірген жүргізуші оқиғаның қалай болғанын айтып берді (ВИДЕО)

Алматыда 22 ақпан күні 8 жасар қызды көлігімен қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен Алғабас ауылының тұрғыны Кеңшілік Қаниев оқиғаның қалай болғанын айтып берді деп жазады Patrul.kz.

Күдіктінің айтуынша, ол оқиға болған сәтте Тәуелсіздік көшесімен туыстарының үйіне бара жатқан екен. "Әйел қызымен бірге жол бойында тұрған. Кейін анасы жолдан өтті де, қызына қол бұлғап, өтпей күте тұруын бұйырды. Бірақ, қыз анасын тыңдамай жүгіріп шығып, менің көлігімнің айнасына соқтығысты. Қалай болғанын өзім түсінбей қалдым", - дейді ер азамат.

Мұнан кейін жүргізуші қызды дереу ауруханаға жеткізбек болыпты. Алайда, Ақсай мен Райымбек көшелерінің қиылысында ол өзге көлікпен соқтығысады.

"Мен қызды сол соғысқан көлікке отырғыздым, қайтыс болмас үшін жүргізушісінен тезірек ауруханаға жеткізуін сұрадым. Көлігім бұзылып тұрғанын, артынша ауруханаға өзім де баратынымды айттым. Бірақ, қатты қорыққанымнан ауруханаға барғаным жоқ, тіке үйге тартып кеттім. Әйеліме айтқаным жоқ, кейіннен барып жеті шелпек пісіруін сұрадым", - дейді күдікті азамат.

Марқұмды ауруханаға жеткізген жүргізуші де болған жайтты әлі ұмыта алмағанын айтып отыр.

"Ол менің көлігіммен соқтығысты. Қыздың үстінің бәрі қан еді. Көріп өзім шошып кеттім. Қызды көлігіме отырғыздым да, дереу ауруханаға апардым. Туыстары мен полицияны күттім де, болған жайтты соларға айтып бердім. 15 минуттан кейін дәрігер шықты да, қыздың қайтыс болғанын айтты. Менің ойымша ол оқиға болған жерде-ақ көз жұмған", - дейді Тейіпжан Ұшыров есімді азамат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео