$ 498.34  519.72  4.85

Жанболат Мамайдың абақтыдағы жағдайын прокурорлар ҚАЖ өкілдері тексеріп көрді

Алматы қаласының прокуратурасы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетімен бірлесіп адвокат Ж.Балғабаеваның шағымына және тергеу-қамауындағы Жанболат Мамайға қатер төнгені және қысым көрсетілгені туралы БАҚ-та жарияланған шағымға қатысты тергеу жүргізді деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Жанболат Мамайдан жауап алу барысында ол ауызша және жазбаша түрде тергеу изоляторының әкімшілігіне және камерада ұстауда отырған өзге сотталғандарға ешқандай наразылығы жоқ екенін жеткізді.

Тергеу изоляторындағы медицина бөлімінің маманы да Мамайдың денесіне зақым келмегенін, дене жарақатының жоқтығын анықтады. Ол өзі  медициналық сараптамадан өтуден бас тартқан.

Осылайша Жанболат Мамайдың өміріне қауіп төнді және оған қысым көрсетілді деген факті расталған жоқ.

Аталған оқиғаның айналасындағы дау-дамайды ушықтармау үшін Мамай тергеу изоляторындағы жалпы камераға ауыстырылды.

Сонымен қатар, кейбір адамдар қауесеттер мен жорамалдарды негізге алып, «Ж.Мамайдың өміріне қауіп төнді және оған қысым көрсетілді» деген жалған ақпаратты шығарып отыр.

Осыған байланысты ведомство БАҚ өкілдерінен осыған ұқсас ақпаратты басудан бұрын немесе сілтеме жасамай тұрып ресми түсіндірме мен растауды алу үшін ІІМ ҚАЖ комитетіне жүгінуді сұрайды.

«Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 242-1-бабы 3-тармағына сәйкес жалған мәлімет тарату белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу түріндегі жазаға алып келетінін ескертеміз» делінген ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Дереккөз: Қазақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары