$ 443.35  475.54  4.82

«Домбыра – харам»: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдеме жасады

Адамға жаман ой тастайтын, арақ пен әдепсіз іске үндейтін ән айтуға шариғатымыз тыйым салған.
Фото: dombrabro.kz
Фото: dombrabro.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «домбыра – харам» деген пікірге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде «домбыра шерту, беташар жасау, келіннің сәлем салуы – харам» деген мағынада айтылған пікірлер қызу қоғамдық талқыға түскен болатын. Осыған байланысты азаматтар тарапынан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына сауалдар келіп түсіп жатыр.

Оқи отырыңыз: «Олармен халық болып күресуіміз керек»: Нұрлан имам домбыраны харам деген қызға жауап берді (ВИДЕО)

 

«Домбыра - харам»: Айшолпан Тілеутай ұлттық аспапқа араша түсті (ВИДЕО)

 

Ислам әлеміндегі танымал ғұламалардың бірі де бірегейі Имам әл-Ғазали мен Әбу Ханифа мәзһабының көрнекті ғалымы Абдул-Ғани ән-Нәбулусидің көзқарасы бойынша дінді насихаттау, халықты отансүйгіштікке, имандылыққа, бірлік пен адамгершілікке шақыру мағынасында айтылған әнге рұқсат. Ал адамға жаман ой тастайтын, арақ пен әдепсіз іске үндейтін ән айтуға шариғатымыз тыйым салған, – делінген ҚМДБ хабарламасында.

Ғұлама Абдул-Ғани ән-Нәбулуси өзінің кітабында: «Пайғамбарымыздың кейбір хадистеріндегі әуенге байланысты тыйымдар осындай теріс бағытқа жетелейтін әуендерге байланысты болса керек» (әл-Имамул-әкбар Махмуд Шәлтут, Әл-Фәтаауа. 355-бет) деп жазады.

Сан ғасырдан бері Ислам дінін ұстанып келе жатқан қазақ халқы ұлттық аспабымыз – домбыра арқылы ән, терме-толғау шырқап, тыңдаушыны имандылыққа, ізгілікке, адамгершілікке, Отанды қорғауға, ата-анамызды қадірлеуге шақырған. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әлеуметтік желі қолданушыларын «домбыра шерту, беташар жасау, сәлем салу – харам» деген мағынада біржақтама, негізсіз пікір айтып, халық арасында түсінбеушілік тудырмауға үндейді. Ұлттық құндылықтарға қарсы келу дұрыс емес екенін мәлімдейміз, – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары