$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО-да көмір түтінінен 3 қыз уланып, бірі қайтыс болды

Оңтүстік Қазақстан облысында көмірдің түтінінен үш қыз уланып, олардың бірі қайтыс болды деп жазады Otyrar.kz. Улану деректері Сарыағаш және Сайрам аудандарында орын алған.

Сағат таңғы 7:30 шамасында Сарыағаш ауданының Таскент ауылында жас ана 1 айлық қызын пештің қасына жатқызып, өзі жарты сағатқа далаға шығып кеткен. Үйге қайта келгенде ол қызының ес-түссіз жатқанын көріпті. Дереу жедел жәрдем шақырғанымен сәбидің өмірін аман алып қалу мүмкін болмады.

Ал, Сайрам ауданына қарасты Ақсукент ауылында кішкентай екі қызын шомылдырмақ болған ана қыздарымен бірге ауруханадан бір-ақ шықты. Ваннаға су толтырып, балаларды ішіне отырғызып шомылдырып жатқанда әйелдің жүрегі айнып, басы ауырған. Таза ауа жұту үшін ол далаға шығып, бірнеше минуттан кейін қайта үйге кіргенде қыздарының ес-түссіз суда жатқанын көріпті. Жедел келген дәрігерлер олардың өміріне араша түсе алды. Қазір кішкентайлар ауруханада, анасы болса тексеруден кейін үйіне жіберіліпті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары