$ 494.87  520.65  4.91

Ұлтыма қызмет ету арқылы пайда тауып отырмын – Бурахан Дақанов (ВИДЕО)

«Бос жатқан жер – жау шақырады» демекші, біздің Солтүстік Қазақстан облысында 535 мың адам ғана тұрады. Оның 30%-ы ғана қазақтар.

Оңтүстіктен, Маңғыстау облысы және Астанадан халықты теріскейге көшуге үндеп жүрген азамат, «Tauekel» қоғамдық бірлестігінің төрағасы - Бурахан Дақанов Qasqa Jol Youtube арнасына сұхбат беріп, солтүстік өңірлерге қазақтарды қоныстандыру, көшірудеге басты мақсаттарын атады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол бұл істі өмірлік миссиясы деп тапқан. Жириновскийдің Қазақстан туралы айтқан сөздерінен кейін, Петропавлдың Шал ақын ауданына көшіп келген. 

Жерсініп қалғаны бар, көңілі қалып, кетіп қалғаны бар. Оған еш мойымайды. Енді мемлекеттік жүйені реттеп, жылына 50 мың отбасын көшіретін механизм жасамақ ниетте.

Әлеуметтік желіде көп адам, осыдан не пайда көресің деп жиі сұрайды. Негізі пайда бар. Бірақ пайда десе, көп адам тек ақшаны ғана ойлайды.Мен өзімді ұлтшыл, патриотпын деп есептеймін. Яғни, ұлтшыл адам ретінде Солтүстік Қазақстан облысындағы шекараның бекуі, сол жақтағы қазақ идеологиясының артуы - мен үшін үлкен пайда. Cол себепті солтүстікке көшкен әрбір азаматты біз қоныстандыру арқылы, ұлтыма қызмет ету арқылы пайда тауып отырмын деп есептеймін. 

Естеріңізде болса, Жириновский, Зюганов сияқты көптеген Ресей депутаттары «Солтүстік Қазақстан - Ресейдің жері» деген сияқты қатты ауыр сөздер айта бастады. Соны ести отырып, мынау болмас деп ойладым. «Бос жатқан жер – жау шақырады» демекші, біздің Солтүстік Қазақстан облысында 535 мың адам ғана тұрады. Оның 30%-ы ғана қазақтар. Осының бәрін зерделеп қарап, ойлана отырып тәуекел деп шешім қабылдадым. Мен өзім ғана көшіп бармай, барсам тек көп қазақтың көшуіне сеп боламын деген мақсатпен келдім, - дейді Бурахан Дақанов. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары