$ 440.92  475.36  4.82

«Намаз оқитын қоғамға қарсы қоймақ»: Зайытов өзіне шабуыл жасалып жатқанын айтты

Ешбір топтың алдында тізерлеп кешірім сұрамаймын!
Фото: instagram.com/rinat_zaitov_resmi
Фото: instagram.com/rinat_zaitov_resmi

«Намаз оқитындардың көбі алаяқ» деп айтқан Ринат Зайытовқа ақпараттық шабуыл жасалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, кейінгі екі күнде парақшасына екпінді ақпараттық және психологиялық шабуыл басталды.

Мұны өзім де күткенмін. Себебі, оған етім үйренген. Мұндай шабуылдар маған 2008, 2011, 2019 жылдары да жасалған. Жасырмаймын оңай емес. Бірақ шыдауға тура келеді. Енді сіздерге бұл технология қалай жасақталатынын түсіндіруге тырысайын. Мысалы, осы жолғы шабуылдың тақырыбы менің намаз оқып жүріп алаяқтық жасайтын адамдар жайлы айтқан сөзімді алға тартып, сол арқылы қоғамды маған қарсы қоймақ. Мақсаты белгілі. Біріншісі – мені қорқыту, екіншісі – менің жеке басыма қастандық жасалса, осы себептен екен дегізу, – деді Ринат Зайытов желісінде.

Депутат жауабын беруге дайын екенін айтады.

Қадірлі ағайын, мен де өздеріңіз сияқты көп пенденің бірімін. Ешкімнен тығылып, ешкімнен қашып жүрген жоқпын. Қандай да бір айтарларыңыз болса, жауабын беруге дайынмын. Бар арманым елімнің дұрыс өмір сүргенін, отанымның гүлденгенін көру ғана. Ешбір топтың алдында тізерлеп кешірім сұрамаймын!, – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары