$ 442.05  474.14  4.74

Тәрбиеші шағын көлікпен 25 баланы тасыған (ВИДЕО)

Бастауыш мектеп жасына дейінгі балалар тіпті жүксалғышта отырған.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Өзбекстанда Бұхара облысының Гиждуван ауданында жекеменшік балабақша тәрбиешісі Spark көлігімен 25 баланы тасыған, деп хабарлайды Skifnews.kz. 

Massaget сайтының жазуынша, бастауыш мектеп жасына дейінгі балалар тіпті жүксалғышта отырған. Әйел полиция қызметкерлеріне балалардың үйі балабақшаға жақын екенін айтып түсіндірген. Сондай-ақ, ол мұндай көп баланы алғаш рет мінгізгенін айтқан.

Оқиғаны хабарлаған департаменттің баспасөз қызметі өкілдері балалардың ата-аналарын оларды балабақшаға апара алмай отыр деп сөкті.

Балаларға қауіп төндірген тәрбиешіге қандай жаза қолданылғаны туралы мәлімет жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары