18.09.2023, 14:20

«Мылжың адамға Парламентте орын жоқ»: Нұртас Адамбай Ринат Зайытовқа шүйлікті (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/nurtasadambay
Ол еліміздегі намазхандардың 80 пайызы алаяқ деген сөзіне дәлел сұрады.

Продюсер, актер Нұртас Адамбай Парламент Мәжілісінің депутаты Ринат Зайытовтың сұхбаттарының бірінде айтқан «намазхандардың 80 пайызы алаяқ» деген сөзіне шамданып жатыр, деп жазды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оқи отырыңыз: «Намаз оқитын қоғамға қарсы қоймақ»: Зайытов өзіне шабуыл жасалып жатқанын айтты

Балғынбек Имаш Ринат Зайытовқа:«Қаһарынан Құдайдың қорықпайтын, Жаңа Қазақстанның «вип батыры»

Ел азаматы ретінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ринат Зайытовтан сұхбатта айтқан сөзіңізге дәлел келтіруіңізді сұраймын.

Еліміздегі намазхандардың 80 пайызы алаяқ екені туралы. Осы сөзіңізге дәлел беруіңізді сұраймын. Олай болмаған жағдайда мен сізді мылжың деп есептеймін. Мылжың адамға Парламентте орын жоқ, - дейді соңғы уақытта діндар болып көріне бастаған Нұртас Адамбай.