$ 498.34  519.72  4.85

Былтыр Қазақстаннан 35 мыңға жуық адам көшіп кеткен

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті 2016 жылы Қазақстаннан қанша адамның көшіп кеткенін мәлімдеді деп жазады Tengrinews.kz.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, былтыр елімізге 13 347 адам келіп, ресми тіркеуден өткен.

Ал елімізден кетіп қалғандардың саны 34 965 адамды құрайды, бұл 2015 жылға қарағанда 16,4 пайызға көп. Олардың 28 677-сі Ресейге, 2637-сі Германияға, 393-і Беларуське, 228-і АҚШ-қа, 173-і Польшаға, ал 168-і Канадаға көшіп кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары