$ 447.4  477.55  4.76

Оралда Мәншүк Мәметованың ескерткішін алмастыруға 138 млн теңге жұмсалмақ

Оралда Мәншүк Мәметоваға арналған ескерткіш алынып, орнына жаңасы қойылатын болды. Бұл жұмыстарға жергілікті билік 138 миллион теңге жұмсамақ деп жазады uralskweek.kz.

Жаңа ескерткіштің ашылуы Жеңіс күніне орайластырылған. Нысанды жасау жұмыстары толық аяқталған, әзірге ол Астанадағы зауыттардың бірінде тұр.

"Қазақ халқының даңқты қыздары" деп аталатын ескерткіште Ұлы Отан соғысының батырлары Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және Хиуаз Доспановалар бейнеленген. Бұл туралы облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайынов мәлімдеді.

"Мұндай ескерткішті орнату ұсынысын Оралдың зиялылары Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында айтқан болатын. Алайда, 2015 жылы мұндай жағдай болған жоқ. Сондықтан, ескерткіш биыл ашылады", - дейді Дәулеткерей Құсайынов.

Жаңа ескерткіш авторы – танымал астаналық мүсінші Нұрлан Далбай. Нысан қоладан жасалған, тұғыры граниттен. Жалпы биіктігі 5 метрді құрайды.

Мәдениет басқармасы басшысының айтуынша, Мәншүк Мәметованың қазіргі ескерткіші апатты жағдайда, әбден тозып кеткен және жақын күндері күрделі жөндеуден өтеді. Бөкейорда мен Жәнібек аудандарының тұрғындары жөнделген мүсінді өз аудандарына орнатуды сұрап отыр екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары