$ 495.2  522.34  4.94

Елімізде қандай тақырыптарда петиция жариялауға болмайтыны белгілі болды

Заңда елде петиция жариялау реті көрсетілген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Сенат бірінші тыңдалымда «Қоғамдық бақылау туралы» заңды мақұлдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Заңда елде петиция жариялау реті көрсетілген. Сенатор Руслан Рүстемов аталған заң бұдан бөлек қоғамдық қарым-қатынасты реттеп, азаматтардың мемлекет істерін басқаруға араласу мүмкіндіктерін кеңейтетінін айтады. 

Депутат Қазақстанда петиция жариялауға болмайтын тақырыптарды атап көрсетті. 

Басқару формасын өзгерту, Республиканың шекарасы мен әкімшілік-аумақтық құрылымы, сот төрелігі, амнистия, ұлттық қауіпсіздік пен өзге тақырыптарда петиция жарияланбайды. «Тыйым салынған» тақырыптар тізімі Конституциялық және қылмыстық құқық, Референдум туралы заң аясында дайындалды, – деді сенатор. 

Келесі жылдан бастап e-Otinish сервисінде онлайн-петиция жариялау қызметі іске қосылады.

Егер петициядағы сауал әкімдік құзыретінде болса, аудан деңгейінде халық саны 50 мыңнан асуы керек. Ал қол қойғандар саны 2,5 мыңнан асуы міндетті. 

Егер сауал мәслихат құзыретінде болса, аудан деңгейінде халық саны 50 мыңнан асып, 5 мыңнан аса адам қол қоюы керек. 

Облыс деңгейінде (сауал әкімдік құзырында болса) қол қойғандар саны жалпы аймақтағы жалпы халықтың 1%-на тең болуы мідетті. 

Республика деңгейінде (сауал үкіметтік құзырында болса) петиция кем дегенде 50 мың қол жинауы қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары