$ 524.58  551.91  4.93

26 жыл бұрын америкалық отбасы асырап алған қазақ қызы туған анасымен кездесті (ВИДЕО)

Ол анасы және әпкесімен бірге Алматы, Ақтау мен Маңғыстау қалаларына бармақ.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Сейдж есімді бойжеткен анасымен жолығу үшін 26 жылдан кейін Астанаға келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Jibek Joly телеарнасына сілтеме жасап. 

Сейдждің бұрынғы есімі Гүлмира екен. Ол 1997 жылы балалар үйіне түсіпті. Ал америкалық отбасы асырап алған соң Гүлмираға барлық шындықты айтыпты. Туған анасын табу үшін бойжеткен АҚШ-тағы Қазақстан елшілігінің көмегіне жүгініпті. 

Гүлмирамен кездесу үшін әуежайға Смағұловтар отбасы толығымен келді. 

Бұл – тағдыр дайындаған ең керемет сыйлық. Барлық үш баламның қайта жүздескеніне ризамын. Қызыма осы үшін алғыс айтқым келеді, – деді Роза Смағұлова. 

Ал Сейдж осындай үлкен отбасының болғанына қуанатынын жеткізді. 

Тек туған анамды емес, туған бауырларымның да табылғанын естіген сәтті мәңгі есте сақтаймын. Жылап жібердім, таңғажайып жағдай. Менің әуежайдан күтіп алу үшін әр қаладан келген туыстарым мен отбасыма рахмет, – деді Сейдж. 

Әуежайдағы жүздесуден кейін Смағұловтар отбасы үйлеріне аттанған. 

Менің сіңілімнің барын білгенде сене алмадым. Кездесуге дейін оның Facebook-парақшасын бақылап, үнемі жылайтынмын. Себебі жанында бола алмадым. Бірақ асырап алған отбасыда әпкесі мен ағасы бар екенін байқадым, – деді Сейджің әпкесі Тұрсын Кемелбек. 

Сейдж Қазақстанда 1 қазанға дейін болады. Анасы және әпкесімен бірге Алматы, Ақтау мен Маңғыстау қалаларына бармақ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары