$ 495.2  522.34  4.94

«Жаңа Адамдар» жасөспірімдерге ішімдік сатып жүрген елордалық дүкендерді тексеріп жатыр (ВИДЕО)

Астанадағы «NB Market» дүкеніндегі тексерістің нәтижесінде заң бұзылу анықталды.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

«Жаңа Адамдар» жасөспірімдерге алкогольді ішімдіктер сатылуына қарсы науқанды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астанадағы «NB Market» дүкеніндегі тексерістің нәтижесінде заң бұзылу анықталды. Сауда нүктесінің әкімшісі 16 жастағы жасөспірімге спиртті ішімдікті сатқан болатын. Белсенділер әкімшіні өз кінәсін мойындауға көндіре алмай, полицияны шақырды. 

«NB Market» дүкені заң бұзуды доғармағандықтан, «Жаңа Адамдар» басқаша әрекет етуге шешті. Мұндай жағдайларда дүкеннің табысына әсер ету керек. Бұқаралық науқанның барысында дүкеннің кіреберісі таспалармен кедергіленген, ал маркеттің ішінде адамдар бір сағат бойы ұрандарды қайталап тұрған. Нәтижесінде — әкімші жұрт алдында өз кінәсін мойындаған және бұдан былай балаларға алкогольді ішімдіктерді сатпауға уәде берді.

Адал жұмыс істеу әрқашан қауіпсіз және тиімдірек. Біз міндетті түрде осы дүкенді қайтадан тексеріп шығамыз. Әкімшінің сөздері қаншалықты адал болған екенін  көреміз. Осы пикет балаларға алкогольдік ішімдіктерді сататын басқа дүкендер үшін үлгі болады деп үміттенеміз, - дейді «Жаңа Адамдар» жастар ұйымының өкілі Төлеби Биқасым.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары