25.09.2023, 14:40

Қазақстандықтар 1 қаңтардан бастап саусақ іздерін тапсыруға міндеттеледі

Фото: Pixabay
Бас тартқан жағдайда азаматқа Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 443-1-бабына сәйкес айыппұл салынады.

Ішкі істер министрлігінде Көші-қон қызметі комитетінің аға инспекторы Нұржан Жанабаев брифингте Дактилоскопиялық тіркеудің міндетті болатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews ақпарат порталы.

Дактилоскопиялық тіркеу – бұл саусақтардың папиллярлық үлгілерінің құрылымдық ерекшеліктері туралы ақпарат алу. Міндетті дактилоскопиялық тіркеу елімізде 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталады. 12 жасқа дейінгі балалардан басқа, ҚР барлық азаматтары және Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер дактилоскопиялық тіркеуге жатады. 12 жастан 16 жасқа дейінгі балалар дактилоскопиялық тіркеуден ерікті негізде өтеді. Саусақ іздерін алу Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жеке куәлікті, паспортты, шетелдіктің елде тұруға ықтиярхатты және азаматтығы жоқ адамның куәлікті ресімдеуі кезінде жүргізілетін болады, – деді ІІМ қызметкері.

Нұржан Жанабаевтың сөзінше, саусақ іздерін алу процесінен бас тартқан жағдайда азаматқа Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 443-1-бабына сәйкес айыппұл арқалайды.