07.10.2023, 05:30

Блогер Мерей Абилова ұзату тойына 15 миллион теңгеден артық қаражат жұмсалғанын айтты

Фото: instagram.com/abilovva_m
Сонша ысыраптың керегі не?

Жастар арасында танымал блогер Мерей Абилова ұзату тойына қыз дайындық үстінде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Той көйлегін тіктіргелі жатырмын. Себебі ойымдағы көйлекті іздеп таппадым. Тойға шамамен 15 миллион теңгеден артық кетті. Алдағы уақытта одан да көп жұмсалмақ. Бір түснгенім, тұрмысқа шығу оңай емес екен. Барлығы қымбат. Маған көп дүние әкелмей-ақ қой деген еді. Бірақ сонда да өте көп қаражат кетті, – дейді Мерей Абилова.

Блогердің ұзату тойына жұмсалған қмақты қаражат көпшілікті бей-жай қалдырмады.

“Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді”, “Қыздың тойына қатты шашылудың қажеті жоқ деп ойлаймын”, “Сонша ысыраптың керегі не?”, “Мақтаншақтық”, “Еріккен екен”, – деп пікір қалдырды желідегілер.

Блогер Қарағандының “Шахтер” клубының футболшысы Дінмұхамед Қашкен есімді жігітпен көңіл қосты. 23 жастағы Димаш 2023 жылдың наурыз айында Мерейге Париж қаласында сөз салған болатын. Араға бір ай салып, жас жұбайлар мешітте неке қиды.