$ 494.87  520.65  4.91

Жасөспірімдердегі өтпелі кезең: ерекшеліктер, ережелер мен ескертулер

Жиі ақыл айтып, нотация оқымаңыз, жақынырақ сөйлесіңіз.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Өтпелі кезеңнің ерекшеліктері

12-16 жас аралығындағы жасөспірім - бұл қалыптасып келе жатқан адам. Психологтардың айтуынша, жасөспірімдер бұл уақытта сынды әлі қалыпты қабылдай алмайды. Толық қалыптасқан ми рационалды жүйеге сүйенбей, эмоцияға толы болады. Олар тіпті өздерінің эмоционалды өзгерістерін басқара алмайтын кездері де болады. Әлем сұр және күңгірт болып көрінгенде, оны шұғыл түрде жаңа сезімдермен толтырғылары келеді. Ең бастысы, жасөспірімнің айналасындағы ересек адамдар бұл кезеңнің уақытша екенін естен шығармай, түсіністік танытқаны дұрыс. Бұл тақырып өте ауқымды болғанымен, Skifnews.kz ақпарат порталы назарларыңызға бала тәрбиесіндегі мамандар мен психологтардың нақты кеңестерін жинақтады.

Мамандардың айтуынша, кейде ересек адамға жасөспірімнің жасаған әрекеттері қисынсыз болып көрінуі мүмкін. Бірақ, ол ақымақтықтан не жаман болғаннан емес. Өтпелі жас әр адамға тән, бірақ үйдегі ата-ана мен мектептегі ұстаз бұл нәрсені естен шығару мүмкін.

Сонымен, қолдауды қажет ететін, бірақ кейде одан бас тартатын өскелең адаммен дұрыс байланыс пен жылы қарым-қатынасты қалай сақтауға болады?

Балаға міндеттер жүктеңіз

Кейде ата-ана «қазір сенде бір ғана міндет бар — ол жақсы оқу!» деп, баладан тек оқудағы жетістіктерді талап етіп, үй шаруасына араластырмай, қорғап жатады. Бұл – қате дейді мамандар.

Тұрмыстық міндеттер-жауапкершіліктің тамаша жаттықтырушысы. Жасөспірім өз заттарының тазалығына неғұрлым көп жауап берсе, соғұрлым ол іс пен қарым-қатынастарын да тезірек реттейді екен. Ол ата-анасына көмектесуге алаңдасын, бір аптада сөреде қанша шаң жиналатынын білсін, футболканың ескіргенін және шұлықтың таусылғанын байқай бастасын.

Мұның бәрі өзін-өзі реттеу процесін күшейтеді, демек, табысты оқу үшін жасөспірімнің шекаралары, өзін-өзі сезінуі және өзін-өзі бағалауы өте маңызды.

Ереже сақтауға үйретіп, орындалмаған жағдайда жазаланатынын ескертіңіз

Кездейсоқ жазалар — нашар стимулятор. Тек айқайлау нәтиже бермейді. Физикалық жаза зорлық-зомбылық ретінде қабылданады, елемеу эмоционалды байланысты бұзады, ал айқайлау қорғаныс механизмдерін іске қосады және сананы өшіреді. Қатты, жағымсыз ақпаратты жұмсақ тонмен айту да қисынсыз.

Егер сіз қарым-қатынасыңызды реттеу керек деп ойласаңыз, нақты ережелер орнатыңыз. Жасөспірім осы немесе басқа да жағымсыз әрекеттері үшін қандай жаза болатынын алдын-ала білсін.

Жасөспіріммен сөйлесу-бұл бөлек әңгіме

Әңгімелесу кезінде балаңызға қарап, оған сіздің эмоцияларыңызды байқауға мүмкіндік беріңіз. Қажет болғанша жауап күтіңіз, асықпаңыз.

Жасөспірімге арналған ережелерді орнатқаннан кейін оларды өзіңіз де орындаңыз. Ең бастысы, жазаға келгенде табандылық танытуға дайын болыңыз. Жағымсыз әрекет қайталанбауы үшін, орынды жазаның болғаны айып емес.

Нашар баға үшін достарымен араласуға тыйым салмаңыз

12-16 жаста жақын араласатын немесе жеке қарым-қатынастар басталады. Кейде тіпті достары баланы оқудан алшақтататын болып көрінеді. Шын мәнінде, белсенділік кезеңінде алған білімдері мен дағдыларын достық қарым-қатынаста көрсету маңызды болып есептеледі.

Жиі ақыл айтып нотация оқымаңыз, жақынырақ сөйлесіңіз

Сіздің балаңыз бұл жаста да әлі бала. Өтпелі кезеңдегі жаман әдеттер мен басқа да қауіпті мінез-құлық қоғаммен байланыста болу, өзін көрсету, жаңа күшті тәжірибелерді сезіну қажеттілігімен байланысты.

«Жасөспірім бұл кезде темекі шегіп немесе алкоголь дәмін татуға бейім болады» деген қате пікір. Олар тек эмоцияларындағы өзгерістерін тыныштандыруды іздейді. Сізден аяғын әрең басып тұрған сәби кезіндегідей қамқорлық пен қолдауыңызды қажет етеді.

Егер жасөспірім үйде қажетті қолдауды алса, өзін сенімді сезінсе, тіпті қателессе де, оны кез-келген іс-әрекетте қолдайтынын білсе, онда ол балама орта іздеп кетпейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 145
Ұнамайды 140
Күлкілі 140
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары