$ 447.4  477.55  4.76

Мұрат Әбеновтен министр жасау ұсынысына шымкенттік мұғалім шүйлікті

Соңғы бірнеше күннен бері Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің басына үйірілген қара бұл сейілер емес. Академиктерден бастап мектеп мұғалімдеріне дейін, қоғам белсенділерінен қарапайым азаматтарға дейін министрдің реформаларына қарсылық білдіріп, біразы оның отставкаға кетуін талап етуде.

Сағадиев қызметінен кетпей жатып-ақ, әлеуметік желі қолданушылары оның орнына кандидаттар ұсынуда. Қоғам белсендісі және осы даудың басы-қасында жүрген Мұхтар Тайжанның айтуынша, Білім министрі болуға экс-депутат және осы министрлікте вице-министр болған Мұрат Әбенов лайықты.

Бұл ұсынысты қолдап үн қосқандар аз емес. Дегенмен, шымкенттік белсенді мұғалім Өмір Шыныбекұлының пікірі басқа. Оның айтуынша, вице-министр кезінде "түк бітірмеген" Әбенов министр болғаннан кейін де саланы дамытып жарытпайды.

"Бір қайраткерлер М.Әбенов деген біреуді БжҒ министрлігіне ұсынып жатыр екен! Біріншіден, ол орында әзірге Е. Сағадиев отыр. Екіншіден, М.Әбенов қарық қылатын болса, парламентте отырды. Үнсіз отырды! БжҒ вице-министрі болды. Не істеді? Ол жерде де дымы шықпады", - дейді педагог Өмір Шыныбекұлы.

Оның пікірінше, Білім министрлігін басқаруға лайықты бір тұлға болса, ол - академик Асқар Жұмаділдаев. Бұл пікірді әлеуметтік желі қолданушыларының басым көпшілігі қолдап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары