$ 498.34  519.72  4.85

Түркістанды абаттандыру жұмыстарымен өзбек гастарбайтерлері айналысып жатыр (ВИДЕО)

Биыл киелі Түркістан қаласы Түркі әлемінің мәдени астанасы болып бекітілгені белгілі. Бауырлас елдердің өкілдері осы жылғы Наурызды рухани астанамызда атап өтеді деп жоспарлануда. Осыған орай қазір қаланы абаттандыру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Алайда, еңбекке жергілікті тұрғындар емес, өзбек гастарбайтерлері тартылған дейді Дәурен Әбдіраманов есімді Facebook қолданушысы.

Оның сөзіне сенсек, Түркістандағы "Арбат" аталып кеткен орталық көшелердің біріне жөндеу жұмыстарын 100-ге тарта Өзбекстан азаматы істеп жүр. Сөзіне дәлел ретінде ол аталған көріністің видеоматериалын да жүктепті.

"Сонау Наманган мен Қоқаннан тас төсейтін шеберлер алдыратындай Түркістанның халқы соншалықты қолынан түк келмейтін олақ па? Мына видеоны түркістандық тұрғын жіберді. 100 шақты өзбекстандық қара жұмысшы жолды жаңартып жатыр. Біреудің үйін салып жатса мейлі, өкіметтің ақшасы жұмсалып жатқан жоқ па?!", - дейді Д.Әбдраманов өзінің Facebook-парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео