Ельнара мен Дильнара Байназаровалар алдағы уақытта бір отбасыға келін болғысы келетіні туралы "Әйел сұлулығы" youtube арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Олардың айтуынша,егіздердің арасы 15 минут екен.
Бір-бірімізді қатты сезеді деген бізге қатысты айтылмаған шығар. Керісінше, егізім ауырса, екіншісі қуанып жүреміз. Неге олай екенін білмеймін. Бала кезден спортқа екеуміз де қатты қызығамыз. 11-сынып бітірген соң өнер саласын таңдағымыз келді. Бірақ туысқандардың айтуымен, спорт саласына оқуға түстік. Оған еш өкінбейміз, - деді егіздер.
Егіздер қазіргі таңда жұбы жоқ екенін айтты.
Бір жігіт екеумізді бірдей ұнатып қалған сәттер болды. Тіпті, біреуің әйелім, екіншің тоқалым боласыңдар деді. Хабарламаларды да бірдей уақытта қатар жазатын. "Ренжіп қалмас үшін екеуіңді де аламын" деп айтатындар жиі кездеседі. Негізі егіз балалар бізге ұнамайды. Бірақ бір үйдің екі баласына тұрмысқа шыққымыз келеді, - деді олар.