$ 443.35  475.54  4.82

Динара Зәкиева Алматы облысында зорланған бала туралы сұмдықтың бетін ашты

Балалар басынан қандай қиындық өткергенін елестетсең, жүрегің қанжылайды дейді ол.
Фото: Sputnik/Табылды Кадырбеков
Фото: Sputnik/Табылды Кадырбеков

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева facebook-парақшасында Алматы облысында зорланған 3 жастағы баланың хал-жағдайын білу үшін арнайы барғанын жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оның сөзінше, бала қазір ауруханада, ем қабылдап жатыр.

Зәкиева зардап шеккен отбасының басқа балалары да болған Сәбилер үйі мен Балалар үйінде де болған.

Мұның бәрі осы отбасындағы алкоголизм мен толық деградацияның салдары. Отбасында 7 жастағы балаға қарсы қорқынышты қылмыс жасалып, кінәлі жазаланбаған. Кеше құзырлы және жауапты органдардың бәрімен болған оқиғалардың тізбегін зерттеп шықтым, - дейді ол.

Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің айтуынша, 2 жыл бұрын анасы мен өгей әкесі қыз баланың сыртқы жыныс мүшесіне көсеу басқан. Бұл бала оқыған интернатта болған. 

Оқи отырыңыз: Алматы тұрғыны 3 жасар қызды зорлады деген күдікпен ұсталды

Қылмыстық кодекстің 140 бабы (қинау) бабы бойынша іс қозғалып, оларды ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралған. Меніңше бұл жерде іс дұрыс баппен қозғалмаған. Оның үстіне баланың шешесімен бірге қылмысқа қатысқан өгей әкесі жазасыз кеткен. Екіншіден, сот оларды ата-ана құқығынан айырудан бас тартып, айыппұл жазып берген. Ақыры баланы үйге оқытуға ауыстырып, осы тозақта қыз бала екі жыт өмір сүрген. Кейін жыныс мүшесін қылмыс ізін, яғни зорланғанын жасыру үшін күйдіргені белгілі болып отыр, - деді ол.

Егер кінәліні екі жыл бұрын Азаптау бабы бойынша соттағанда үш баланы құтқарып қалуға болар еді.

Балалар басынан қандай қиындық өткергенін елестетсең, жүрегің қанжылайды дейді ол.

Бұл жағдай мен жалпы статистика тағы бір мәселені көтереді. Бүгінде ішкі істер министрлігінің мәліметінше, отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстардың 70%-ы алкоголизммен және әлеуметтік жағдайдың төмендігімен байланысты. Кедейлік факторының да үлесі үлкен. 

Мұндай қылмыстардың түбірі сонда жатыр. Көп аймақта, әсіресе, Жетісу ауылдарында, Түркістан облысының 14 ауылында арақ сатпайды. Ол ауылдарда қылмыс мүлде жоқ, - дейді Зәкиева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары