$ 495.2  522.34  4.94

«Бірінші күйеуің алқаш болды ма?»: Коуч Ұлан Сқақов әйелдерге кеңес берді (ВИДЕО)

Оның сөзіне қарағанда, ер адамның ішіп кетуіне себеп көп.
Фото: nc-flagman.ru
Фото: nc-flagman.ru

Отбасыдағы қарым-қатынас, ерлі-зайыптылар арасындағы мәселе бойыншакеңес беріп жүрген коуч Ұлан Сқақов әйелдерге «ақыл» айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оның сөзіне қарағанда, ер адамның ішіп кетуіне себеп көп. Бірінші күйеуін «алқаш» деп ажырасқан әйелдің екінші күйеуі, қайда барса да, ішкіш болатынын айтты. Тіпті еліміздегі ең мықты деген имамға тұрмысқа шықса, соның өзі ішіп кетуі мүмкін екен. 

Бірінші күйеуің алқаш болды ма? Екінші күйеуің де дәл солай болады. Тіпті Қазақстандағы ең мықты имамға тұрмысқа шықсаң да. Ол да ішіп кетуі әбден мүмкін. Бір сәтке ойланып көрдіңіздер ме? «Менің күйеуім неге ішіп жүр?» деп. Ер адам сырласатын жан таппағанда бөтелкемен дос болады. Егер күйеуіңнің бар сырын білгің келсе, бір күн қасында отырып ішіп, сырласып көрші. Мас адам ешқашан өтірік айтпайды, - дейді Ұлан Сқақов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары