$ 442.05  474.14  4.74

Оқушы қыздарға орамал парыз ба – Бас мүфти пікір білдірді

Біз қоғамдағы тыныштықты, бірлікті бірінші кезекте ойлауымыз керек.
Фото: zhaikpress.kz
Фото: zhaikpress.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXI отырысының кулуарында мектепте оқитын оқушы қыздардың орамал тағуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазіргі таңда бұл мәселе қаралып жатыр. Біз ҚМДБ бұған қатысты мәлімдеме жасадық. Біз қоғамдағы тыныштықты, бірлікті бірінші кезекте ойлауымыз керек. Мектепке барып жатқан балаларымыздың мәселесін мұғаліммен кеңесіп, өз араларында шешкені абзал болады. ҚМДБ қыз баласының балиғат жасына келген кезінде орамал тарту керегі шариғаттың талабы екенін айтты. Сол себепті қыз баласы балиғат жасына қай кезде келеді сол кезден бастап дініміз, егер ол дін саласында жүрген болып, мұсылман шарттарын орындап жүрген болса, оған айтылған мәлімдемелерді жарияладық, - деп түсіндірді ол.

Оның айтуынша, ҚМДБ-қарасты 9 медресе-колледжі бар. Соның бірнешеуінде 9-шы сыныптап бастап қыз балаларды қабылдап, оқытылуда. 

«Орамалмен медресе-колледждерде оқығысы келетін қыздарға сондай балама мүмкіндіктер жасалған. Медреседе біздің Оқу-ағарту министрлігінің бекітілген стандарттары бойынша колледж білімі беріледі. Әрине, ол жерде Ислам діні және өзіміздің зайырлы колледжге арналған мектептегі білім беріледі. Зайырлы және діни білім», - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары