Niko Nett лақап атымен танылған қазақстандық трансгендер Наиль Тұрғанов өзіне қандай ер адам ұнайтынын айтты, деп хабарлайды Massaget.kz.
Маған қаржылық мүмкіндігі жоғары еркектер керек. Маған Камриі бар немесе 3-4 көлігі бар, бірақ сараң адам керек емес. Маған жоғары қызметте істейтін адамдар керек. Өзіңіз де түсінеміз деп ойлаймын. Олар мені қорғай алуы қажет. Маған қарапайым жігіттер ұнайды, бірақ олармен бірге бола алмаймын. Анау-мынау адам менімен өмір сүре алмайды, мен де өмір сүре алмаймын, - деді ол НТК телеарнасындағы Taboo бағдарламасына берген сұхбатында.
Ол жоғары қызметте отырған адамға тұрмысқа шыққысы келетінін, бірақ мұны көпшіліктің білгенін қаламайтынын айтты.
Niko Nett сонымен бірге қазірдің өзінде мұндай адамдардың бар екенін, кейінірек жеке өмірінде жаңалық болып жатса, әлеуметтік желіде хабарлайтынын жеткізді.